25 Қараша 2019
1938

"АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында 2019 жылдың 25 қарашасында облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында журналистер арасында «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында пресс-конференция өтті.


      Пресс-конференцияның мақсаты мен міндеті: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, сақтану шараларын жастар мен жасөспірімдер, халық арасында кеңінен насихаттау. Салауатты өмір салтын насихаттау, АИТВ (ВИЧ) жұқтыруға кедергі келтіретін мінез құлық стереотипін қалыптастыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді. 1999 жылдан бастап 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы болып өзгертіліп, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, алдын алу іс-шаралары өткізіледі. 2019 жылдың 5 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы болып жарияланды.
        Бұл Кампания халықтың, әсіресе жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің АИТВ инфекцясы жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, халықты, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, АИТВ-мен өмір сүруші адамдар мен олардың жанұясына әлеуметтік қолдау көрсету стратегиясын күшейту, АИТВ жұқтырғандарға байланысты кемсіту, алалау, таңба басу сияқты келеңсіз әрекеттерге, гендерлік зорлық-зомбылыққа жол бермеу сияқты мақсатты көздейді.
     ЖИТС-тің алдын алу шараларын халықтың арасында пәрменді жүргізу мақсатында 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығы «Қоғамдастықтың маңызы» ұранымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде жарияланды. Бұл күн халықтың, әсіресе жастардың, мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің арасында АИТВ инфекциясының таралуын тежеу, АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру болып табылады.
     Бүгінгі күні республика бойынша АИТВ жұқтырып тіркелгендер саны 35999 адамды құрап отыр. Қызылорда облысында АИТВ/ЖИТС оқиғасы анықталған сәттен бері 158 адам тіркеліп отыр. Үстіміздегі жылдың 10 айында 15 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Оның 7-і (46,7%) ер адам, 8-і (53,3%) әйелдер. Жұғу жолдары бойынша 11-і (73,3%) жыныстық қатынас арқылы, 1-і (6,6%) иньекциялық есірткі тұтыну арқылы, 1-і (6,6%) анадан балаға, 1-і (6,6%) ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер арасында тіркеліп отыр. Біреуінің жұғу жолы белгісіз (6,6%).
    Бүгінде бұл індет медициналық мәселелер қатарынан шығып, экономикалық әлеуметтік проблемаға айналды. Қатерлі кеселге қарсы тұрі үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қолдап, оның таралуын шектеуге бір кісідей жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

25.11.2019ж.
А.Оразалиева баспасөз хатшысы