Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2019 жылдың 20 қарашасында Арал индустриалды техникалық колледжі студенттері арасында студенттер арасында кең кең көлемде акция ұйымдастырылды.
Акция барысында облыстық ЖИТС орталығының Арал аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері Г.Жумагулова республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттады.
Республика, облыс көлемінде «Қауымдастықтың маңызы бар» ұранымен 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен , жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Г.Жумагулова, Арал
Аудандық ПӘК кабинетінің дәрігері
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/403-zhits-ke-zhol-zho-aral-audanynda-aktsiya-tti#sigFreeIdaff5260b25