2019 жылдың 19-шы қарашасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында қалалық медициналық колледж студенттеріне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
«Ашық есік» күніне Қызылорда қаласының жоғарғы колледж және «Болашақ» жоғарғы колледж студенттері келді.
Іс-шара барысында медциналық колледж студенттеріне ЖИТС орталығының құрылымдарының, оның ішінде емдік-көмек бөлімінің, ИФТ зертханасының, Достық кабинеті, Сенім пунктінің, эпидемиологиялық бөлімінің атқарып жатқан жұмыстарымен кеңінен таныстырылды. АИТВ-ға қан алу, жедел-тест қою әдістері көрсетілді.
Сонымен қатар, Ашық есік күніне келушілерге республикадағы, облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасып отырған індеттік жағдай, жұғу жолдары, облысымыздағы таралу ерекшеліктері мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуда атқарылып жатқан алдын алу шаралары бойынша мағұлматтар беріліп, осы аурудың алдын алу тақырыбында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
Бөлім меңгеруішісі
С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/394-alaly-meditsinaly-kolledzh-studentterine-arnal-an-ashy-esik-k-ni#sigFreeIdaedd3aaaaf