18 Қараша 2019
3904

Полиция департаменті қызметкерлері ақпараттандырылды

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыру қаупін алдын алу мақсатында   полиция департаментінің емханасында полиция департаментінің емханасы, қылмыстық атқару жүйесі,

төтенше жағдайлар және әскери бөлімшелердегі медицина қызметкерлерінің қатысуымен  «Қоғамдастықтың маңыздылығы!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында АИТВ/ ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы бейнероликтер, презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар сұрақ-жауаптар жүргізіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

А.Садуакасова, дәрігер эпидемиолог