14 Қараша 2019
2525

Мектеп оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бағытында оқыту жұмыстары жүргізілді.

2019 жылдың 14-ші қарашасында М.Шоқай атындағы орта мектепте жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында «АИТВ-инфекциясы қандай ауру,  осы  аурудың жұғу жолдары мен алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-сабақ ұйымдастырылды.

Семинар барысында ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі С.Балықбаева республикадағы,облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасып отырған  індеттік  ахуал, аурудың  жұқтыру  жолдары, диагностикасы, еміне  кеңінен тоқталды,  алдын алу шаралары туралы   мағұлмат берді.

Осы тақырыпта видеофильм көрсетіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.Семинар барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында 5-ші қараша мен 5-ші желтоқсан аралығында республика, облыс  көлемінде  «Қоғамдастықтың маңызы бар» ұранымен   жүргізліп  жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы жүргізіліп жатқан кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы толық  ақпарат берілді.

 

Бөлім меңгерушісі

С.Балықбаева