14 Қараша 2019
1993

АИТВ инфекциясынан сақтану шаралары кеңінен насихатталуда

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында жастар мен жасөспірімдер назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қалалық №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі оқушылары мен ұстаздар арасында «АИТВ/ЖИТС-тен сақтану шаралары!» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында АИТВ, ЖИТС-тің дүниежүзілік, республикалық, облыстық эпидемиологиялық ахуалы жайлы, АИТВ, ЖИТС дегеніміз не, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы түсінік беріліп, сұрақ жауаптар ұйымдастырылды. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

А.Садуакас, дәрігер эпидемиолог

 

.