Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясының аясында ЖИТС орталығының дәрігер жерматовенерологы А.Исмаилова Қызылорда техникалық колледжі және Текей Батыр Қарпықұлы колледжінің, М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі оқушылары арасында кездесу, сұрақ жауап кештерін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты білім беру саласындағы қызметкерлердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейлерін арттыра отырып, оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау, дискриминация және стигма мәселесін болдырмау болып табылады. Бағдарлама бойынша АИТВ/ЖИТС-тің республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-тің қоғамға, отбасына, білім саласына тигізетін әсері жайлы сөз болды. "Сақтансаң -сақ боласың" қағидасы еске түсірілді.
А.Исмаилова дәрігер дерматовенеролог
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/383-ala-ortaly-ynda-y-kolledzh-o-ushylary-a-parattandyryldy#sigFreeIdb8ffe8ed54