14 Қараша 2019
3642

Жаңақорған ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары жүргізілуде

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясының аясында Жаңақорған аудандық ПӘК кабинеті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жаңарық дәрігерлік емхана мекемесіне әдістемелік көмек ұйымдастырылып, медицина қызметкерлер арасында семинар өткізілді. Сонымен қатар Қандөз ауылдық №240 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылған интерактивті ашық сабақ ұйымдастырылған. Аталған іс шараға жастар денсаулығы орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысып, АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және індеттік ахуалы, жұғу жолдары мен сақтану шаралары түсіндірілді. АИТВ жұқтырғандарға байланысты дискриминация, стигманың алдын алу жолдары айтылып жасөспірімдерге бейнероликтер көрсетіліп үнпарақшалар таратылды.

 

Тотаева Р., Жаңақорған ПӘК кабинетінің дәрігері

 

.