14 Қараша 2019
2121

Қалалық №8 сауықтыру мектеп интернатындағы іс-шара

2019 жылдың 12 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында жастар мен жасөспірімдер назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты   өмір салтын насихаттау мақсатында  облыстық №8 сауықтыру мектеп-интернатында тәрбиеленушілер арасында  «ЖИТС – ғасыр дерті!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы тәрбиенелушілердің қатысуымен қойылым, сурет салу сайысы және сұрақ-жауаптар жүргізіліп, белсенді қатысып атсалысқан оқушылар марапатталды. Қызу пікір таласпен қойылған сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауаптар берілді.

 

А.Я.Садуакас дәрігер эпидемиолог