2019 жылдың 13-ші қарашасында отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында « Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барасында жасөспірімдер арасында АИТВ-дегеніміз қандай ауру, таралу жолдары мен алдын алу шаралары тақырыбында сайыс өткізілді. Сонымен қатар, облыстық ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі С.Балықбаева республикадағы,облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасып отырған індеттік ахуалы, аурудың жұқтыру жолдары, диагностикасы, еміне тоқталып, алдын алу шаралары туралы толықтай мағұлмат берді.
Іс-шара барысында республика, облыс көлемінде «Қоғамдастықтың маңызы бар» ұранымен жүргізліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
Бөлім меңгерушісі
С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/380-biz-mirdi-ta-dajmyz#sigFreeIdc660c4bf0a