Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2019 жылдың 13-ші қарашасында облыстық ЖИТС орталығы, облыстық ішкі саясат басқармасымен ішкі істер басқармасы мамандарымен бірлесе №278 IT мектеп-лицейде мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар арасында семинар сабақ пен сұрақ жауапкеші ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары С.Сарсенбаева мен Г. Әбдібаева республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады. Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «Қауымдастықтың маңызы бар» ұранымен 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен, жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және
оған қарсы күрес жөніндегі орталығының
дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/378-aitv-zh-ne-zhits-tan-alaj-sa-tanu-kerek-ta-yrybynda-kezdesu-2#sigFreeId86083feb26