13 Қараша 2019
5725

Жастар мен жасөспірімдер АИТВ инфекциясынан қалай сақтана алады?

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясының аясында 12 қараша күні № 171 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары арасында ...

«Қоғамдастықтың маңызы бар» ұранымен жарияланған іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС инфекциясының  Қазақстан Республикасындағы және облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ инфекциясының алдын алу, сақтану шаралары, сонымен қатар жұғу жолдары, салауатты өмір салтын насихаттау негізінде сұрақ жауап кеші өтті.

Ұйымдастырылған іс шараның мақсаты: АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша жасөспірімдердің білім деңгійін арттыра отырып, олардың бойында АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау болып табылады. кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

 

Қ.Бекова дәрігер эпидемиолог көмекшісі