Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында Шиелі ауданы Балаби елді мекеніндегі Абай атындағы №50-ші орта мектептің мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, алдын алу, сақтану, жұғу жолдары түсіндірілді. Кеш соңында пікір алмасып, сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.
Т.Досаев эпидемиолог көмекшісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/376-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-sharalary-zhal-asuda#sigFreeId9d9d1e51a4