Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында Жалағаш аудандық №123 мектеп лицейінде «Дені саудың-жаны сау» тақырыбымен жас мұғалімдер арасында спорттық сайыс өткізілді.
Спорттық сайысты ұйымдастырудың мақсаты: Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Сайыс барысында Жалағаш ПӘК кабинеті дәрігері А.Бекниязова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған инфекциялардың бірі АИТВ/ЖИТС жөнінде ақпараттандырып өтті. Сонымен қатар АИТВ инфекциясының қазіргі таңдағы эпид.ахуалы, сақтану, алдын алу шараларын кеңінен насихаттап, кампанияның ұраны болып бекітілген «Қауымдастықтың маңызы бар» тақырыбына тоқталып, мағлұмат берді.
Жалағаш ПӘК кабинетінің дәрігері
А.Бекниязова
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/374-deni-saudy-zhany-sau#sigFreeId4989c171ae