Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2019 жылдың 8-ші қарашасы мен 11-ші қарашасында облыстық ЖИТС орталығы мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесе Қызылорда теміржол вокзалы мен «Марал Нұр» ЖШС-нің қызметкерлері арасында семинар-сабақтар мен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары С.Балықбаева мен М.Ибраева республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары , алдын алу шаралары мен АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасы туралы толық мағұлмат берді.
Сонымен қатар, республика, облыс көлемінде «Қауымдастықтың маңызы бар» ұранымен 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны арасында ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған кампаниясына тоқталып, қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын алдын алуда, оның ішінде осы ауруды жұқтыруға бейім топтармен , жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жасауда қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы мен ролі туралы ақпарат берді.
Бөлім меңгерішісі
С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/373-aitv-zhits-turaly-bile-zh-ri-iz#sigFreeId6b072a42a8