12 Қараша 2019
1661

Жастар үйінде кездесу болып өтті

Қармақшы аудандық жастар үйінде "АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жолдары мен өзекті мәселелері" тақырыбында аудан тұрғындары арасында дөңгелек стол болып өтті.

Шараға психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері А.Балмаханова, медбикесі Р.Елбосынова, жастар денсаулық орталығының медбикесі А.Жеткергенова, СӨСҚ кабинетінің медбикесі Д.Құлмырзаева, СӨСҚБ психологы А.Нұрмағанбетова, Қармақшы аудандық пробация қызметінің әділет майоры Ж.Жүнісовтар қатысты.Сонымен қатар А.Балмаханова АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы кеңінен түсіндіріп кетті.Қатысушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

 

А.Балмаханова, Қармақшы айдандық ПӘК кабинетінің дәрігері