Қазан айының айының 22-де ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігер әдіскері Ж.Қыстаубаева, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің педагог маманы Н.Смагулова облыстағы колледждердің психолог, өзін өзі тану мамандары арасында «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары, интреактивті оқыту әдісінің маңызы» тақырыбында облыстық семинар тренинг өткізді.
Облыстық тренингті өткізудегі мақсат: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 10 қазан 2019ж №653 бұйрығымен «Қоғамдастықтың маңызы» тақырыбында қараша –желтоқсан айларының 5-і аралығында өткізілетін Бүкіләлемдік ЖИТС –ке қарсы күрес Кампаниясы қарсаңында әдістемелік көмек көрсету. АИТВ инфекцияның алдын алуда тұрғындарға және жастарға ақпараттық білім беру жұмысы үлкен роль атқарады. Сондықтанда, Кампания қарсаңында жауапты мамандарға АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы, толыққанды мәлімет беру, сонымен қатар жастар арасында интерактивті оқыту әдісімен тренинг жүргізу әдістерін практика жүзінде көрсету,алдын алуда ақпараттық білім берудің тиімді әдістері жөнінде мәліметтер беру.
1-қазан 2019 жылға барлығы ҚР бойынша 35701 адам АИТВ инфекциясымен тіркеліп отыр. Біздің облыста өсу үрдісімен алғанда 155 адам тіркелді. Ал биылғы 9 айда ҚР -2629 адам тіркелсе, облыста 12 адам тіркелген, былтыр 14 адам тіркелген болатын 2 адамға азайып отыр.Анықталғандардың басым көпшілігі яғни , 10-ы 83,3% 15-49 жас аралығындағылар болса, 1-уі 8,3% 2-14 жас аралығынан анықталып отыр. Жұғу жолдары бойынша 10-ы жыныстық қатынас арқылы, 1-уі иньекциялық есірткі тұтыну арқылы, 1 бала анасынан жұқтырған.
Соңғы жылдары ауылдық жерде көбейіп келеді. Биылғы 12 адамның 5-уі әйел адамдарда, 7-уі ер адам, 7-і ауылдық жерден , 5-уі қаладан тіркелгендер .
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/365-aitv-zhits-ti-zekti-m-seleleri-zh-ne-ony-aldyn-alu-sharalary-intreaktivti-o-ytu-disini-ma-yzy#sigFreeId086592787f
22 қазан 2019ж
Дәрігер әдіскер Ж.Қыстаубаева