Үстіміздегі жылдың 11-ші тамызында Шиелі кенті «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде» АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында белсенді студенттер арасында дөңгелек стол өткізіліп, еріктілер дайындалды.
Іс-шараның ашылу сөзін колледж директорының орынбасары Б.Дайырқұлов ашып берді. Ол өз сөзінде АИТВ-ның алдын алуда мамандармен бірге атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта да атқарылатын коптеген жұмыстар бар екенін айтты. Колледж аяжаны Ж.Кенбаева белсенді топтың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қосатын үлесі зор екенін және белсенділер арасында еріктілер тобын құруды ұсынды. Аудандық СПИД орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС туралы қысқаша баяндама жасап, індеттік ахуал жайында мағұлмат берді. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс пікірлерін ортаға салып, сұрақ-жауап алмасып қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/363-shieli-industrialdy-agrarly-kolledzhinde#sigFreeIda374e39022