20 Маусым 2019
1870

«АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары»

Маусым айының 18-20 аралығыда облыстағы мектеп мейірбикелері арасында Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-әдіскері Ж.Қыстаубаева «АИТВ инфекциясының өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

 

Семинар сабақ барысында АИТВ-ның облыстағы індеттік ахуал жөнінде , жұғу жолдары, сақтану шаралары, клиникалық белгілері, диагнстикасы, емі , сонымен қатар медицина қызметкерлерінің кәсіптік жұқтыруының алдын алу шаралары, экспресс тест әдісі бойынша   мәліметтер берілді. Апаттық жағдайларда атқарылатын іс-шаралар бойынша ақпараттармен, АИТВ-ның алдын алу шараларына байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттармен (Бұйрықтармен, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс баптарымен)танысты. Сабақ соңында  сұрақтарға жауап беріліп пікір алмасу болды.

 

20 маусым 2019ж

Дәрігер әдіскер Ж.Қыстаубаева