Облыста АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарымен ү.ж. 12 маусымы күні емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі бас дәрігерлердің емдеу ісі, пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі жөніндегі орынбасарлары арасында «АИТВ/ЖИТС-тың өзекті мәселелері, анадан балаға берілуінің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты - АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу мәселесі бойынша медицина қызметкерлерінің ақпараттану деңгейін арттыра отырып, АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау болып табылды..
Семинарда Қазақстандағы және облыстағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтырған ересектерге және балаларға диспансерлік бақылау, ем жүргізу ерекшеліктері, АИТВ инфекциясы кезінде қауіпсіз босандыру негіздері, АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туылған баланы тамақтандыру, балаларға клинико-лабораториялық бақылау жүргізу, тұрғындарды АИТВ-ға тестілеу ережелері, АИТВ жұқтырғандарға байланысты дискриминация және стигма мәселелері туралы презентациялар жасалды.
Семинарға қатысулар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Қарымсақова Д.С.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/349-aitv-ny-anadan-bala-a-beriluini-aldyn-alu#sigFreeId0fc998815c