Шиелі Индустриалдық Аграрлық колледжінде Облыстық ЖИТС орталығы Шиелі филиалы және аудандық жастар денсаулығы орталығы, аудандық емхана мамандарының ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай студенттер мен мұғалімдер арасында акция өткізілді.
Іс-шараның ашылу сөзін колледж директорының міндетін атқарушы Б.Дайрақұлов бастап студенттерді белсенділікке шақырып, келген мамандарға сәттілік тіледі. Колледж аяжаны Ж.Кенбаева іс-шараның маңыздылығына тоқталып, білім ордасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі А.Сәдуақас биылғы жылы Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 35-ші рет өткізіліп жатқанын, оның мақсаты АИТВ-мен өмір сүрушілерге моральдік,рухани және психологиялық қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС проблемасының бар екенін қоғамның барлық барлық құрылымдарының есіне салу, ауруға шалдыққандарға алалау, кемсіту, таңба басу сияқты көзқарасты болдырмау екендігін айтты. Сонымен қатар республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы салыстырмалы көрсеткіштерді мәлімдеді. Кездесу барысында жастар денсаулығы орталығы маманы Ұ.Нұрымбетова, аудандық емхана дәрігері А.Ізтілеуова өскелең ұрпаққа «Қалыпты мінез қалыптастыру»; «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында мағлұматтар берді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, видеороликтер көрсетілді, көрнекті құралдар,парақшалар таратылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/348-shieli-audanynda-aitv-zhits-ti-aldyn-alu-sharalary-zh-rgizildi#sigFreeIdea8438dc11