Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен ЖИТС құрбандарын еске алу күні болып аталып өтеді. ЖИТС құрбандарын еске алу күні АИТВ-мен өмір сүретін және зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету, қоғамға осындай мәселенің барын құлағдар ету мақсатында өткізіледі. Биылғы жылы акцияның ұраны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» деп бекітілді. 2019 жылы бұл күн мамырдың 19-на сәйкес келіп отыр. Осыған орай мамыр айының 19 жұлдызында Қазалы ауданындағы Қазалы көлік-техникалық колледжінде ЖИТС құрбандарын еске алуға байланысты акция өткізілді.
Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының Қазалы ауданындағы филиалы меңгерушісі Жолдыбаева Перуза Зағидуллақызының айтқанындай, «Адамның иммун тапшылығының вирусы (АИТВ) бүгінгі күні тек қана медицина қызметкерлерін ғана емес, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе. Әсіресе өздеріңіз сияқты қыршын жастардың осы аурудың қақпанына ілігуі бізге үрей туғызып отыр. Сол себептіде біз сіздермен жиі жүздесіп, аурудың алдын алу мақсатында осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз».
Біздің елімізде АИТВ жұқпасының індеттік ахуалы күннен күнге күрделене түсуде. Үстіміздегі жылы өсіммен барлығы 34203 адамда АИТВ жұқпасы анықталды. Дін мен тілді, ұлт пен ұлысты, жас пен жынысты таңдамайтын АИТВ індетінің ең көп шоғырланған жері Алматы қаласында 6130 жағдай, Қарағанды облысында 5653, Шығыс Қазақстан облысында 3937. ЖИТС-тен құрбан болған адамдар саны қазіргі таңда 10860-қа жетті. Біздің облысымызда алғаш рет АИТВ жұқпасын жұқтырғандар тіркелгеннен бері барлығы 147 адам анықталды, оның ішінде ЖИТС-тен құрбан болған адам саны 44-ке жетті».
«Қатерлі дерт соңғы уақытта жыныстық қатынас арқылы кең таралып барады. Осы орайда аталмыш аурудың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізіп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың аса қажет» екенін ЖДО-ның маманы Гүлназия Қонысбаева атап өтті.
Колледж жастары өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, мамандардан сұрақтарына толыққанды жауап алды. Сондай-ақ жастарға аурудан сақтану жолдары туралы қысқаша жазылған ақпаратттық парақшалар таратылып Облыстық ЖИТС орталығының Қазалы филиалында АИТВ-ға тексерілу әр уақытта тегін екендігін және жасырын тексерілу мүмкіндігі бар екені де айтылды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/344-azaly-k-lik-tekhnikaly-kolledzhinde-zhits-rbandaryn-eske-alu-k-ni-tti#sigFreeIdddfad7c26d