Арал ауданы ПӘК кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» атты ұранмен Арал индустриалды-техникалық колледжінде дөңгелек үстел, сұрақ жауап кештері, кездесулер өткізілді.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Арал ауданындағы ПӘК кабинетінің дәрігері- Г.Жумагулова жастарды АИТВ инфекциясы жайлы ақпараттандырды. Сонымен қатар Арал аудандық жастар денсаулық құрылымдық бөлімше маманы М.Сайымова, колледж тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жиеналиев, колледж аяжаны А.Косымбаева қатысып, салауатты өмір салты насихатталды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/343-mir-s-ru-shin-este-sa-tajmyz-ta-yrybynda-is-sharalar-zh-rgizildi#sigFreeId615223fda0