Арал ауданы психо-әлеуметтік көмек көрсету кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» атты ұранмен Арал көпсалалы колледжінде – дөңгелек үстел, сұрақ-жауап кештері, кездесулер, дәрістер өткізілді.
Қатысушылар: ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Арал ауданындағы ПӘК кабинетінің дәрігері- Г.Жумагулова. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, облыстағы, аудандағы эпидемиологиялық ахуал барысына тоқталып, сонымен қатар инфекцияныың алдын алу, сақтану шараларымен қатар, салауатты өмір салты насихатталып, бүгінгі күннің маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.
Кездесуге сонымен қатар, Арал аудандық жастар денсаулық құрылымдық бөлімінің маманы М.Сайымова, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Орынбаев, колледж аяжаны Г. Курманиязовалар қатысып жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/342-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-sharalary-nasikhattaldy#sigFreeId9425844f45