ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы аудандарында аудандық білім бөлімдері және ЖИТС орталықтары мамандарының ұйымдастыруымен мектептердегі директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, псхологтар, тәлімгерлер, әлеуметтік педагогтар арасында «Жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу.
АИТВ/ЖИТС проблемасын тәрбие процесіне енгізудің маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – аталмыш мәселеге байланысты тәрбие жұмысына қатысы бар мектеп мамандарының білімін толықтыра отырып, оқушылардың бойында АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы тұратын мінез-ұлық дағдысын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстаНуға бағыттау болып табылды. ЖИТС орталығының мамандары Қарымсақова Д.С., Тлеумбетов Р.В., Әбдіраимова Н.Ө., Тотаева Р.Т. тарапынан АИТВ/ЖИТС-тың республикаағы, облыстағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары, АИТВ/ЖИТС мәселесін тәрбие процесіне енгізудің, Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес және ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күндерін атап өтудің маңызы, салауаты өмір салтын ұстанудың қағидалары, дискриминация, стигма сияқты мәселелер бойынша мәліметтер берілді. Семинар соңы қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен қорытындыланды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/339-aitv-zh-ne-zhas-spirimder#sigFreeId0f803a20ff