15 Сәуiр 2019
3680

БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫ

Облысымыздың ірі бизнес құрылымдарының бірі Шиелі ауданында орналасқан «Сауда Көлік Компаниясы-Шиелі» ЖШС-де «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері, бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі», «АИТВ-ның жұғу жолдары»  тақырыбында кездесу  ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты: АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, халық арасында салауатты өмір салтын  қалыптастыру, санитарлық ағарту жұмыстарын насихаттау, бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша  ақпараттандыру болып табылады.

Кедесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің  облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары, таралу жолдары туралы баяндама  жасады. Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері, бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі» тақырыбында толықтай мағлұмат беріп,  іс-шараға қатысушы кәсіпкерлерге, жұмысшыларға АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, АИТВ-ның бизнеске әсері  тақырыбында үнпарақтар  таратылып, әрбір аудан тұрғынын салауаттылыққа шақырып қатерлі аурудың алдын алуға барша жұртшылық болып атсалысу қажеттігін айтып, атқарып отырған кәсіптеріне сәттілік тіледі.

 

Облыстық ЖИТС орталығының

Шиелі аудандық филиалының меңгерішісі

А.Садуақас