2018 жылдың 6 желтоқсан күні «Өркениет» медицина колледжі мұғалімдері мен студенттері «Өз мәртебеңді біл!» тақырыбында арнайы мамандардың қатысуымен ашық есік күні өткізілді. Оған облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, облыстық наркологиялық орталығы, облыстық жастар орталығының мамандары қатысып, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады. Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудан сақтану шаралары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар берді.<>/p
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - слайд, «АИТВ статусыңды біл!» тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді, жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және
оған қарсы күрес жөніндегі орталығының
дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/203-z-m-rtebe-di-bil-ta-yrybynda-ashy-esik-k-ni#sigFreeIdd26cd91e50