«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға конкурс
Жариялайды:
Кәсіпорынның атауы: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, №52А. индексі 120008
Негізгі қызметі: облыста ЖИТС/АИТВ ауруының алдын алу, емдеу, дер кезінде анықтау және таралуына қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулықсақтаусаласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5жыл.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурс «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, № 27 үй мекен-жайында өтеді.
Конкурстық құжаттар 2025 жылғы 01 шілдеден 14 шілдеге дейін қабылданады. Құжат тапсырудың соңғы күні 14 шілде, сағат 19.00-ге дейін. Құжат қабылдау Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, № 27 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі, кабинет 208. Анықтама алу үшін байланыс телефоны: 8(7242) 40-04-51 ішкі 3020, 3041.