10 Сәуiр 2019
4969

«АИТВ/ЖИТС-ТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-САБАҚ

2019 жылдың 15-ші ақпанында облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі  С.Балықбаева Қорқыт ата университетінің филология,тарих және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері  арасында   «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері» тақырыбында  арасында семинар-сабақ өткізді.


Семинар барысында  АИТВ/ЖИТС-тің  республикадағы, облыстағы  індеттік  ахуалы, жұғу,таралу жолдары, алдын алу шаралары.АИТВ-инфекциясының клиникасы, классификациясы, зертханалық диагностикасы  туралы толық мағұлмат беріліп, қатерлі кеселге қарсы тұру үшін  зиянды әрекеттерден  аулақ болуды, салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңестер  беріліп, семинар-сабақ барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Бөлім меңгерушісі Салтанат Балықбаева