АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шараларын жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде №266 мектеп лицейдің 10-11 сынып оқушылары арасында "АИТВ туралы не білесіз?" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Облыстық ЖИТС орталығының Қазалы аудандық филиалының эпидемиолог көмекшісі Т.Айбасов АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы, облыстағы, аудандағы індеттік ахуалымен таныстырды, осы инфекцияның жұғу жолдарымен қатар сақтану, алдын алу шаралары туралы мағлұмат берді жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.Кездесуге дене шынықтыру пәні мұғалімдері және Жастар денсаулық орталығы мамандары қатысты. Іс-шара соңында бірлесіп жаттығулар жасалып жастарға спортпен айналысуға кеңес берілді.
Т.Айбасов Қазалы филиалының эпидемиолог көмекшісі
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/179-aitv-zhits-zh-ne-zhastar#sigFreeIdba9eea03fc