30 Қантар 2026
3

Мектеп оқушылары ақпараттандырылды. №285 мамандандырылған мектеп-лицей

Жастар мен жасөспірімдердің АИТВ және ЖЖБИ жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, салауатты өмір салты дағдысын жастар санасына сіңіру, осы дерттің жастар арасында таралуына жол бермеу мақсатында «АИТВ-сыз өмір-сенің қолыңда» тақырыбында №285 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында орта мектептің оқушылар, мұғалімдер арасында АИТВ орталығы мен жастар денсаулығы орталығы мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар әрі қарай оқу орындарында өз жалғасын таппақ.