28 Қантар 2026
7

АИТВ орталығында жылдық қорытынды жиналыс өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2029 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары бекітіліп, онда «Күтілетін өмір сүру ұзақтығы» негізгі түйінді индикатор ретінде айқындалды. Ұлттық даму жоспарында денсаулық сақтау саласына қатысты үш стратегиялық мақсат белгіленген.

Осыған орай 2026 жылдың 28 қаңтарында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәжіліс залында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы З.С.Сарбаеваның, орталықтың бас дәрігері Л.К.Ахметтің және орталық мамандарының қатысуымен 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында орталықтың жылдық жиналысы өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша АИТВ  инфекциясының алдын алу және емдеу бағытында 2025 жылы атқарылған негізгі жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен қамтылу деңгейі талқыланды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен басым бағыттар айқындалды. Жыл ішінде орталық тарапынан халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

АИТВ орталығы халыққа АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау, және медициналық көмек көрсету бағытында қызмет атқарады. Сонымен қатар, орталық мамандары облыс тұрғындары арасында алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жиын соңында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы З.С.Сарбаеваның тарапынан Басқарма басшысының тиісті тапсырмаларын жеткізіп, орталық мамандарына оларды іске асыру бойынша нақты бағыттар айқындалды.

2025 жылдың  атқарылған жұмыстарын бағалай отырып, Орталықтың бөлімдері арасында жақсы жетістіктерге қол жеткізген бөлімге  «Үздік бөлім» номинациясы берілу шешілген болатын. 2025 жылғы жұмыс қорытындысы, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына қол жеткізу  барысында атқарылған жұмыстары мен жетістіктері бойынша Қазалы аудандық филиалы үздік деп табылып «Үздік бөлім» номинациясы тапсырылды.

Алдағы уақытта да Ұлттық даму жоспарының мақсаттарына сәйкес, сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету, профилактикалық бағытты күшейту және халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады.

АИТВ орталығы халықтың денсаулығын сақтау жолында жүйелі жұмыстарын жалғастыра береді.