22 Желтоқсан 2025
58

АИТВ-ның алдын алу


Қазалы ауданы №91 орта мектепте АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында оқушылар арасында кездесу өтті. Іс-шараға Мұратбаев дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі және мектеп мейірбикесі А.Жаңбыршиева қатысты. Іс-шараның мақсаты жастар арасында АНТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жұқтыру жолдары мен сақтану шараларын насихаттау, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және шығармашылық арқылы денсаулықтың маңызын көрсету. Оқушыларға Республика, облыс көлемінде АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі тандағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпараттар берілді.