17 Желтоқсан 2025
4

Мектеп оқушылары ақпараттандырылды

Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы У.Райымның қатысуымен «Жиделіарық» ауылында № 206 мектепте оқушылар арасында АИТВ мен ЖЖБА-дың алдын алу мақсатында кездесу болып өтті. Сала маманы АИТВ мен ЖЖБА-дың алдын алу шаралары, АИТВ-ның індеттік ахуалы жөнінде толық ақпарат берді. Мектеп аяжаны А.Қожабекова жауапты мінез құлық пен салауатты өмір салты тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара барысында толық ақпарат беріліп, тақырыптық парақшалар таратылды.