10 Желтоқсан 2025
29

1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында жастар мен жасөспірімдер арасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды

Республика және облыс көлемінде 2025 жылдың 10-шы қарашасы мен 10-шы желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған іс-шаралар жүргізілуде.

2025 жылдың 9-шы желтоқсанында Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығында облыстық АИТВ инфекциясының мамандарының қатысуымен медициналық колледжі студенттері арасында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ашық есік күні аясында медициналық колледж студенттеріне АИТВ-ның жұғу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы толық мағұлмат берілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қойылып, ақпараттық- білім беру материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева