24 Қараша 2025
12

1 - Желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай волейбол сайысы өтті

Қараша айының 22 - де Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы, Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығы және Dala dop school клубының жетекшісімен Петро - Қазқстан спорт кешенінде облыс орталығындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында волейбол сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты - жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы ақпарат тарату, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.

Жарысқа 9 - 11 сыныптардан мектеп оқушылары қатысып, жоғары деңгейдеде дайындық пен командалық рух көрсетті. Сайыс әділ және достық атмосферада өтті. Спорт тек бәсеке емес, бірлік пен қолдаудың символы екені дәлелденді.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева