24 Қараша 2025
12

1 - Желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай спорттық сайыс өтті

Қараша айының 21 - де Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы мен Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің мамандарының бірлесіп ұйымдастыруымен облыс орталығындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында түрлі бағыттағы спорт түрлерінен яғни үстел теннисі, қол күрес, гір тасын көтеру бойынша сайыстар өткізілді, Сайысқа барлығы 10 оқу орнынан 30 студент қатысты. 

Сайыстың мақсаты - жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы дұрыс көзқарс қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, АИТВ туралы ақпараттық сауаттылықты арттыру және стигмамен күресу. Сайысқа әр оқу орнынан белсенді студенттер қатысып өздерінің ынтасын, күшін, ептілігін, шыдамдылығын көрсетіп белсенділік танытты.

Жарыс достық атмосферада өтті. Қатысушылар тек күш пен шеберлік емес, өзара сыйластық пен қолдауды да көрсете білді. Бұл - АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға қоғамда қолдау мен түсіністік қажет екендігін насихаттаудың бір үлгісі болды.

Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева