1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай облыста қараша айының 10 мен желтоқсан айының 10 - ы аралығында айлық жарияланып, тұрғындар әсіресе жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шараларына сай әр түрлі форматта іс шаралар өтуде. Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева және осы оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ырзахмет Айнур Ырзахметқызының қатысуымен қараша айының 19 күні Мұстахым Ықсанов атындағы техникалық - IT колледжінің 1 - курс студенттері арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының облыстағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары жөнінде ақпарат беріп, соңында интерактивті оқыту әдісі бойынша тренинг өткізілді. Тренинг барысында рөлдік ойындар арқылы, АИТВ - ның ағзаға тигізетін әсері, иммуниеттің әлсіреуі, сонымен қатар салауатты өмір салтын таңдаудың маңызы туралы тұжырымдар тренинг соңында бақылаушылар тарапынан жасалды. Барлығы 3 топтан студент қамтылды.
АИТВ орталығының дәрігері Ж.Кистаубаева



