Республика және облыс көлемінде 2025 жылдың 10 - шы қарашасынан бастап Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күніне арналған іс - шаралар жүргізілуде.
2025 жылдың 14 - ші - 17 - ші қарашасы аралығында Қызылорда облыстық АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының, жастар денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен «Қорқыт», «Сыбаға», «Айтбек» және «Отырар» сауда орталықтарында сатушылар мен қала тұрғындары арасына Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күніне арналған іс - шара ұйымдастырылды.
Іс - шараның мақсаты: қала тұрғындары мен сатушылар арасында АИТВ мен ЖЖБИ туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына назар аудару, АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Орталықтың мамандары кездесу барысында АИТВ - ның жұғу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ - жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күні туралы толық мағұлмат берілді.
Сонымен қатар, кездесу аяғында қала тұрғындары мен сатушылардың АИТВ тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық - білім беру материалдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1529-d-niezh-zilik-zhits-ke-arsy-k-ni-ayasynda-biznes-rylymdary-arasynda-t-sindirme-zh-mystary-zh-rgizildi#sigFreeId803d27f2f1



