14 Қараша 2025
91

АИТВ - ның алдын алу шаралары

Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күні аясында №143 орта мектепте, №268 мектеп лицейінде АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы және Жастар денсаулық орталығының мамандарымен кездесу болды. Кездесудің мақсаты АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру, жастар арасында ЖЖБИ - ның, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары және жеке бас гигиенасын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Іс шара соңында білім алушыларға ақпараттық материалдар таратылды.