14 Қараша 2025
54

Мектеп жастары мен жасөспірімдері ақпараттандырылды

13 қараша күні Жалағаш ауданының Әл - Фараби атындағы №201 мектеп - лицейінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» тақырыбында Жалағаш ПСК кабинет дәрігері мен аудандық аурухананың жастар денсаулығы кабинеті және мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен кең көлемде іс - шара өткізілді. Іс шара барысында жастар мен жасөспірімдерге тақырып бойынша слайдттар көрсетілді, АИТВ инфекциясының індеттік ахуалына, АИТВ инфекциясының және ЖЖБИ - дың жұғу жолдары мен клиникалық белгілері, зерттеу әдістері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс - шараның тақырыбы туралы мағлұматтар берілді. Жастар мен жасөспірімдерге салауатты өмір сүріп, зиянды әдеттерден аулақ болған жағдайда кез келген аурудан қорғануға болатыны айтып түсіндірілді. Қатысушыларға үн парақшалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Тақырып бойынша қарсы сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

Жалағаш ПСК кабинет дәрігері А.Бекниязова