13 Қараша 2025
118

1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемеде іс-шаралар ұйымдастырылды

Облыс көлемінде 2025 жылдың 10-шы қарашасынан бастап «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған ақпараттық науқан басталды.

2025 жылдың 12-ші қарашасында қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №68 мекемеде жеке құрам арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты: АИТВ туралы қол жетімді және сенімді ақпарат беру, осы аурумен байланысты мифтер мен фактілерді талқылау және сұрақтар мен жауаптардың ашық форматын қамтамасыз ету.

Кездесу барысында іс-шара спикері - облыстық орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева облысымызда, республикада АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан жатқан эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде пенитенциарлық мекемелердегі эпидахуал, АИТВ-ның таралу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бойынша мағұлмат берді.

Сонымен қатар, пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-инфекциясының арнайы контингент арасында мекемеішілік жұғу жағдайларын болдырмау мақсатында жүргізілетін алдын алу жұмыстарына назар аударылды.

Кездесу аясында жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақпарттық материалдары таратылды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

меңгерушісі С. Балықбаева