13 Қараша 2025
27

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында қылмыстық атқару

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемеде іс-шаралар ұйымдастырылды.

Облыс көлемінде 2025 жылдың 10-шы қарашасынан бастап «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған ақпараттық науқан басталды.
2025 жылдың 12-ші қарашасында қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №68 мекемеде арнайы контингент арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты: АИТВ туралы қол жетімді және сенімді ақпарат беру, осы аурумен байланысты сұрақтар мен жауаптардың ашық форматын қамтамасыз ету.
Кездесу барысында іс-шара спикері - облыстық орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева облысымызда, республикада АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан жатқан эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде пенитенциарлық мекемелердегі эпидахуал, АИТВ-ның таралу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бойынша мағұлмат берді.
Сонымен қатар, пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-инфекциясының арнайы контингент арасында мекемеішілік жұғу жағдайларын болдырмау мақсатында жүргізілетін алдын алу жұмыстарына назар аударылды.
Кездесу аясында арнайы контингент тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
меңгерушісі С.Балықбаева