Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында медициналық колледж студенттері арасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Республика және облыс көлемінде 2025 жылдың 10-шы қарашасынан бастап Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған ақпараттық науқан жүргізілуде.
2025 жылдың - 12-ші қарашасында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған Қызылорда жоғарғы медициналық колледжі студенттері арасында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: жастар арасында АИТВ мен ЖЖБИ туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына назар аудару және алдын алу бағдараламаларын қолдау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Ашық есік күні аясында медициналық колледж студенттері арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды, дәрісті жүргізген – орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева АИТВ-ның жұғу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы толық мағұлмат берді.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қою бойынша практикалық сабақ өтікізілді.
Ашық есік күнінде студенттер АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының жұмысымен таныстырылып, семинар аяғында ақпараттық- білім беру материалдары мен қорғаныш құралдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева



