Республика және облыс көлемінде 2025 жылдың 10-шы қарашасынан бастап Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған іс-шаралар жүргізілуде.
2025 жылдың 11-шы қарашасында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында «Облыстық жастар денсаулық орталығы», «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастру орталығы» мамандарының қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне арналған «Болашақ» жоғарғы медициналық колледжі студенттері арасында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: жастар арасында АИТВ мен ЖЖБИ туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына назар аудару және алдын алу бағдараламаларын қолдау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Ашық есік күні аясында медициналық колледж студенттері арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды, іс-шара спикері - орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балыкбаева АИТВ-инфекциясының республикадағы, облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, клиникасы, емі, алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні туралы толық мағұлмат берді.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи капиллярлық және сілекейлік жедел-тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері АИТВ инфекциясына тестілеуден өтті.
Ашық есік күнінде студенттер облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының жұмысымен таныстырылып, семинар аяғында ақпараттық- білім беру материалдары мен қорғаныш құралдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1519-2025-11-12-07-42-29#sigFreeId38f17fe238



