Республика және облыс көлемінде 2025 жылдың 10 - шы қарашасы мен 10 - шы желтоқсан аралығында «АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күніне арналған іс - шаралар жүргізілуде.
2025 жылдың 10 - шы қарашасында қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №68 мекемеде жеке құрам арасында арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында облысымызда, республикада АИТВ - инфекциясы бойынша қалыптасқан жатқан эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде пенитенциарлық мекемелердегі эпидахуал, АИТВ - ның жұғу жолдары, клиникасы, емі , алдын алу шаралары, АИТВ - жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күні туралы және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар бойынша мағұлмат берілді. Сонымен қатар, пенитенциарлық мекемелерде АИТВ - инфекциясының арнайы контингент арасында мекемеішілік жұғу жағдайларын болдырмау мақсатында жүргізілетін алдын алу жұмыстарына назар аударылды.
Кездесу аясында жеке құрам тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақпарттық материалдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева



