Республика және облыс көлемінде 2025 жылдың 10 - шы қарашасы мен 10 - шы желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күніне арналған іс - шаралар жүргізілуде.
2025 жылдың 10 - шы қарашасында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күніне арналған «Өркениет» жоғарғы медициналық колледжі студенттері арасында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ашық есік күні аясында медициналық колледж студенттері арасында семинар - сабақ ұйымдастырылды, АИТВ - ның жұғу жолдары, клиникасы, емі , алдын алу шаралары, АИТВ - жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау бойынша, «АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырыбында өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күні туралы толық мағұлмат берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ - инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, колледж студенттері арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қойылды.
Ашық есік күнінде студенттер АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының жұмысымен таныстырылып, семинар аяғында ақпараттық - білім беру материалдары мен қорғаныш құралдары таратылды.
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева



