10 Қараша 2025
25

«АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге»

10 қарашада Қазақстанда ЖИТС - пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан басталады «АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» - осындай ұранмен БҰҰ - ның ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) Қазақстанда 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін ЖИТС - пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан өткізеді. Дәстүрлі түрде бұл күн жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі.

Науқанның ұраны әлемдік сын - қатерлер жағдайында ЖИТС - ке қарсы әрекетті күшейту, тәсілдерді жаңарту және мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің күш - жігерін біріктіру қажеттігін айқындайды.

Қазақстанда ЖИТС - инфекцияның алдын алу, диагностикасы мен емдеу саласындағы ұлттық заңнама үнемі жетілдіріліп келеді. Биыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЖИТС - инфекция кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартымен бекітті. Бұл құжат халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыруға, сондай - ақ профилактикалық жұмысты жетілдіруге бағытталған. Елде антиретровирустық терапия мемлекет есебінен тегін көрсетіледі. ЖИТС - ке тестті тіркелген емханада немесе аймақтық ЖИТС профилактикасы орталығында құпия түрде, тегін және қажет болған жағдайда анонимді тапсыруға болады.

Науқан аясында еліміздің барлық өңірлерінде ЖИТС - тің алдын алу және ЖИТС - пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мақсатында акциялар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар және басқа да іс - шаралар өткізіледі. Шаралар халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, сондай - ақ жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырылады. Аймақтық ВИЧ профилактикасы орталықтарында тұрғындар үшін Ашық есік күндері өтеді. Келушілер мамандардан кеңес алып, ВИЧ - ке тест тапсыра алады.