Байқоңыр қаласының академик С.А.Жиенқұлов атындағы жоғарғы колледж студенттері арасында «АИТВ инфекциясының және ЖЖБИ - ң алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Байқоңыр қалалық ПӘК кабинеті дәрігері Д.Т.Тулегенова, мейірбике Г.Т.Дузбаева республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, стигма, кемсітушіліктің (дискриминация) алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері туралы мағұлмат берді.
Семинарға 106 студент, колледж мейірбикесі қатысты. Осы тақырыпта видеофильм көрсетіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Семинар барысында 5 студент сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1512-zhastar-men-zhas-spirimder-arasynda-aitv-ny-aldyn-alu-11#sigFreeIdba7f4f2a46



