2025 жылдың 28 - 31 қазан күндері «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023–2026 жылдарға арналған жол картасы» аясында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәжіліс залында, медицина қызметкерлерінің қатысуымен «АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды емдеу. АИТВ - мен біріккен аурулар», «АИТВ мерездің, вирустық гепатиттердің анадан балаға берілуінің профилактикасы» және «Стигма мен кемсітушілік мәселелері» тақырыптарында семинар - сабақтар өткізілді.
Семинарға Қызылорда қалалық көпбейінді ауруханасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық тері - венерологиялық диспансер, облыстық қан құю орталығы мен «ДостармедLine» жеке клиникасының медицина қызметкерлері қатысты. Семинар барысында, медицина қызметкерлеріне презентациялар жасалып, АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға кешенді көмек көрсету, АИТВ жұқпасының вертикалды жолмен берілудің профилактикасы, АИТВ - инфекциясын емдеудің клиникалық ерекшеліктері, антиретровирустық терапияның негізгі режимдері, медицина саласында адам құқықтарын сақтау, кемсітушілікті болдырмау және АИТВ - мен өмір сүретін азаматтардың өмір сапасын арттыру туралы ақпараттар берілді.
Семинар соңынан барлық қатысушыларға бейресми оқу сертификаттары берілді.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1509-meditsina-salasy-yzmetkerleri-arasynda-seminar-tkizildi#sigFreeId98e32ef5b0



